Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екі жолаушы жарақат алды.

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: polisia.kz

Polisia.kz-тің хабарлауынша, жол апаты Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында болған.

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі, рульге ие бола алмай, машинаны аударып алған.  Соның кесірінен жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Осы оқиға бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.