Астанада бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болып, бір адам көз жұмды

Бүгін, 22 ақпанда Астанада жүк көлігі, автобус және жол талғамайтын көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Астана қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Астанада бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болып, бір адам көз жұмды
фото: әлеуметтік желіден

Полицияның хабарлауынша, жол апаты Мұхамедханов – Омаров көшелерінің қиылысында болды.

«Жүк көлігі, маршруттық автобус және Toyota Prado жол талғамайтын көліктің қатысуымен болған жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген ПД хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство оқиға орнында елордалық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын нақтылады. 

Жаппай жол апаты кезінде жаяу жүргінші жан тапсырды.