Ақмола және Атырау облыстарында қайғылы жағдай болды

Ақмола мен Атырау облыстарында болған өрттерден 2 адам қаза болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақмола және Атырау облыстарында қайғылы жағдай болды
Фото: orda.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтінше, 19 ақпанда Атырау қаласының «Жерұйық» шағын ауданындағы екі қабатты жеке тұрғын үйде 25 шаршы метр аумақта өрт болды. Өрт сөндірушілер барлау жұмыстары кезінде 1954 жылы туған ер адамның денесін тапты. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің басқа бөлмелерге таралуының алдын алуға мүмкіндік туды.

Сондай-ақ 19 ақпанда Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Бауманское ауылында екі пәтерлі жер үйдің пәтерінде 80 шаршы метр аумақта өрт болды. Өрт орнында үйінділерді тазалау кезінде 1970 жылғы азаматтың мәйіті табылды.

«Өрттің шығу себептері анықталуда. ТЖМ азаматтарды жылыту маусымында тұрғын үйлер мен күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!»,-делінген хабарламада.