Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісімен бүгін сағат 9:52-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды
фото: depositphotos.com

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.6. Магнитудасы - MPV 5.2. Тереңдігі - 5 км. Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды.