Алматы тауларында монша өртенді

Алматыда Медеу ауданы Оспанов көшесінің бойында орналасқан монша кешені өртке оранды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматы тауларында монша өртенді
фото: ТЖД

Бүгін, яғни 14 ақпан күні сағат 18:00-де Алматы қалалық ТЖД күштері Медеу ауданы Оспанов көшесі 85/77 мекенжайы бойынша орналасқан монша кешенінің өртенуі туралы шақыруға шықты.

«Өрт сөндіру техникасы жолдағы көлік кептелісіне қарамастан, оқиға орнына жедел жетіп, екі ағаш үйдің жанып жатқанын анықтады, көршілес ағаш коттедждерге таралу қаупі туындады. Дереу жедел штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрттің алаңы 600-700 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 18:47 оқшауланды», - делінген хабарламада.