Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Алматыда Райымбек даңғылы бойында бірден үш автобус соқтығысты, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
Фото: Zakon.kz

Жол апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

«13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №54 бағыттағы автобустың жүргізушісі алдында жүріп бара жатқан №133 бағыттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан №133 автобус қатар келе жатқан №88 бағыттағы автобуспен соқтығысқан», - деп хабарлады Алматы полициясы.

Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі екені анықталды.

«Жол-көлік оқиғасы фактісін Медеу аудандық полиция бөлімі қызметкерлері анықтап жатыр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар оқиғаның басқа да мән-жайлары әлі анықталып жатыр.