Ойын алаңында футболшыны найзағай соқты (ВИДЕО)

Индонезиялық «Персикас Субанг» клубының футболшысы ойын алаңында үстіне найзағай түсуі салдарынан мерт болды, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Ойын алаңында футболшыны найзағай соқты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Сенбі, 10 ақпанда Бандунг қаласындағы (Индонезия) Силиванги стадионында қайғылы оқиға болды. Ойын кезінде футболшыға найзағай түсіп, ол есінен танып қалған. Содан кейін ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ол небәрі 30 жаста болған. Сондай-ақ бұл бірінші жағдай емес екендігі айтылады.