Атырау облысында жол апатынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты

Атырау облысында жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Атырау облысында жол апатынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты
фото: ПД

Облыстық Полиция департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 4 ақпанда сағат 15:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 873 шақырымында болған.

«Volvo маркалы жүк көлігінің 1958 жылы туған жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан Mitsubishi Outlander автокөлігі өртке оранып, 1964 жылғы жүргізушісі мен 1965 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып, тергеу ісі басталды.