Астана-Қарағанды тас жолында ірі апат болды: зардап шеккендер бар

Екатеринбург-Алматы тас жолында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. 11 көліктің соқтығысуынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Астана-Қарағанды тас жолында ірі апат болды: зардап шеккендер бар
Фото: видеодан скриншот

Жол көлік оқиғаcы туралы видеолар әлеуметтік желіде тарады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 29 жастағы Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жол ережелерін сақтамағанын анықтады. Ол арақашықтықты сақтамай, сондай-ақ жылдамдық режимінен асып, алда келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан 11 көлік соқтығысты, - деді Ақмола облысы полиция департаменті.

Зардап шеккен бес адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 5 облысында трассалар жабылды.