«Кек алған»: Дағыстанда белгілі аралас жекпе-жек шеберін атып кетті (ВИДЕО)

Ресейдің Дағыстан Республикасында белгілі аралас жекпе-жек шебері Магомед Мутаев қаза тапты. Оны белгісіз адам Махачкала қаласының орталығында атып кеткен.

«Кек алған»: Дағыстанда белгілі аралас жекпе-жек шеберін атып кетті (ВИДЕО)
Фото: sport-express.ru

Қылмыскер іздестіріліп жатыр. Қолда бар мәліметке қарағанда, ол 18 жастағы Надырхан К. есімді адам болуы мүмкін. Ол Мутаевты кек алу үшін өлтірген деген дерек бар.

Магомед Мутаев 20 жаста болған. Спортшы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың қарамағында жаттығып, Fight Nights промоушенде жекпе-жекке шығып отырған.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, күдікті спортшыны 8 жерден атқан.