Алматыда жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар түнде Алматыда сезілген жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматыда жер сілкінді
Фото: shutterstock.com

Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 4.27-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында болған.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.3;
  • Магнитудасы MPV 5.8;
  • Жер сілкінісінің координаталары – 40,89° солтүстік. 78,63°Ш;
  • Тереңдігі – 10 км.

Сейсмологтар оңтүстік астанадағы дүмпулердің күшін 2 балға бағалады.

Сондай-ақ Қытайда түнде және таңертең тағы бірнеше дүмпу тіркелді (соңғысы Астана уақытымен 7.44-те болды), Қазақстанда олар сезілген жоқ.