Жетісу облысында жер сілкінісі болды

2024 жылдың 13 қаңтарында Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жетісу облысында жер сілкінісі болды
Фото: Pixabay

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде, Жетісу аймағында, Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы MPV 4.6, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі. Текеліде үш балдық жерасты дүмпулері сезілді.