Жетісу облысында көпбалалы ана суицид жасады

Жетісу облысында көпбалалы ана өз-өзіне қол жұмсады. Полиция іс қозғады.

Жетісу облысында көпбалалы ана суицид жасады
фото: korenovsk-rc.ru

Қайғылы оқиға туралы 3 қаңтарда журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеген болатын. Ол таратқан ақпаратқа қарағанда, 35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсанда кешке құрбысы ауруханаға жеткізген.

Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел аспирин дәрісінің 10 қорабын ішіп, бір күннен кейін қайтыс болғанын айтты, – делінген мәліметте.

Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған.