Алматыда көпір үстінде көлік жүгімен жанып кетті

Алматыдағы Алтын Орда базарының маңындағы көпір үстінде жүк көлігі жүгімен жанып кетті. 

Алматыда көпір үстінде көлік жүгімен жанып кетті
Айдана Дайырова

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, жүк көлігі 4 қаңтарға қараған түні сағат 05:27-де өртенген.

Алматыда көпір үстінде көлік жүгімен жанып кетті 
   - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024

© Айдана Дайырова

"Өрт орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Ең жақын өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан 20 шақырым қашықтықта болған. Көлікте шаруашылық өнімдері мен құрылыс тауарлары өртенген", - дейді ведомство.

Sputnik Қазақстан тілшісіне жүк көлігінің иелері 7 млн рубль шығынға батқандарын айтқан. Олардың айтуынша, өрт жүк көлігінің дөңгелегінен шыққан, яғни техникалық ақаулықтан болған.

Ал төтенше жағдайлар саласы мамандары өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын айтады.

Көпірдегі өрт салдарынан Қарасай ауданында ондаған шақырым көлік кептелісі болды.