Алматы облысында бір топ қаңғыбас ит жасөспірімге шабуыл жасады

Талғарда бір топ қаңғыбас ит жасөспірімге шабуыл жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы облысында бір топ қаңғыбас ит жасөспірімге шабуыл жасады
Фото: видеодан скрин

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан балалар ойын алаңында жасөспірімге 10- нан астам иттің шабуыл жасағанын көруге болады.

Алматы облысы әкімдігі оқиға орнына арнайы бригада шығып кеткенін мәлімдеді.

«Ит аулау бригадасы жұмылдырылып, оқиға орнына аттанды. Жағдай туралы қосымша ақпаратты кейінірек, жаңа деректер белгілі болған кезде береміз»,- деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінен.