Қостанай облысында 10 автокөлік соқтығысты

Қостанай облысының полицейлері жолға шықпауға, осылайша өзіңе қауіп төндірмеуге шақырады.Өңірде екінші күні ауа райының нашарлауы байқалады. Дауыл туралы ескерту жарияланды. Кеше жаңбыр жауып, көктайғақ пайда болып, арты боранға ұласты, деп хабарлайды paryz.kz. 

Қостанай облысында 10 автокөлік соқтығысты
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

«Қостанай облысының ПД жолдардағы төтенше оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысының барлық қатысушыларына, атап айтқанда жүргізушілерге ТЖ хабарламаларын ескеркге, алыс сапарлардан аулақ болуға және автокөліктер арасындағы қашықтықты жылдамдық режимін қатаң сақтауғды сұрайды. Республикалық және облыстық маңызы бар 7 автожол көліктің барлық түрлері үшін жабық», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полиция департаменті хабарлағандай, облыс орталығында 10 автокөліктің қатысуымен жаппай ЖКО орын алып, оқиға орнынан медициналық мекемеге 1 адам жеткізілді.