Абай облысында мұз астына түскен баланың денесі табылды

Абай облысы Үржар ауданында мұз астына түскен баланың денесі табылды, деп хабарлады Paryz.kz.  

Абай облысында мұз астына түскен баланың денесі табылды
Фото: видеодан скриншот

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, баланың мұз астына түскенінен 3 сағат өткен соң, жергілікті еріктілер оның денесін тапқан. Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды.

Баланың денесі құлау орнынан 75 метр қашықтықта табылды. Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өз өміріне қауіп төндірмеуін және мұзға шықпауын сұрайды, – деді Үржар полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ролан Оразғалиев.