Атырауда 5 сағат бұрын полицейден ескерту алған жүргізуші адам өліміне себепші болған

Атыраулық жүргізуші күндіз көлік жылдамдығын асырғаны үшін полицейден ескерту алған. Алайда 5 сағат өткеннен соң жол апатын жасап, өзге жүргізушінің көз жұмуына себепкер болған, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Атырауда 5 сағат бұрын полицейден ескерту алған жүргізуші адам өліміне себепші болған
Фото: pixabay.com

08:26, 23 Желтоқсан 2023 | GMT +6

 

Атырауда 5 сағат бұрын полицейден ескерту алған жүргізуші адам өліміне себепші болған

Атырау

Фото: pixabay.com

Атыраулық жүргізуші күндіз көлік жылдамдығын асырғаны үшін полицейден ескерту алған. Алайда 5 сағат өткеннен соң жол апатын жасап, өзге жүргізушінің көз жұмуына себепкер болған, деп хабарлайды Kazinform. 

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы кеше, 22 желтоқсанда болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 20:00 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей федерациясының шекарасы (Астрахан бағыты) тас жолының 513-514 шақырымы аралығында Toyota Avalon және ВАЗ-2114 автокөліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің 1988 жылғы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күндізгі сағат 15:00 шамасында Toyota Avalon автокөлігінің 1999 жылғы жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 1-бөлігімен (Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) әкімшілік хаттама толтырған. Аталған жүргізушінің бұған дейін аталған құжаттың 592-бабының 1,3,4-бөлігімен, 593-баптың 1,3-бөлігімен, 600-баптың 1-бөлігімен бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірнеше рет ескерту алғаны анықталған.

«Алайда көлік жүргізушісі 5 сағат бұрын ескерту алғанына қарамастан жол апатын жасап, өзге жүргізушінің көз жұмуына себепкер болып отыр. Осыған байланысты жүргізушілер назарына жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.