Павлодарда үш ер адам үсіп қалды

Павлодарда үш ер адам үсіп қалды, деп хабарлайды paryz.kz.  

Павлодарда үш ер адам үсіп қалды
фото: egemen.kz

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 16 желтоқсанда дәрігерлер аязда үсіп қалуға байланысты үш рет шыққан.

«42, 48 және 63 жастағы науқастар №1 қалалық ауруханаға жеткізілді», – дейді жедел жәрдем станциясында.

Осы аптада қатты аяздың беті қайтып, сынап бағанасы нөлден жоғары болады. 19 желтоқсанда күндіз сынап бағанасы -2...-7°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыс бағытында секундына 9-14 метрге, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.