Астанада -30 градус аязда ұшақ қатып қалды

12 желтоқсанда Астана-Ақтөбе бағыты бойынша QAZAQ AIR әуе компаниясының IQ 399 рейсі Астана қаласындағы қолайсыз ауа-райына байланысты (өте төмен температура) кешіктірілді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Астанада -30 градус аязда ұшақ қатып қалды
Фото: www.facebook.com/astanainternationalairport

Қозғалтқыштағы майдың тұтқырлығы жоғары болғандықтан, іске қосу турбинасы қажетті қарқын ала алмады, сондықтан қозғалтқыш іске қосылмады. Мұндай жағдайларда әуежай әмбебап мотор жылытқышын ұсынады. Астана әуежайында қажетті техниканың жетіспеуіне байланысты ұшақтың қозғалтқышын іске қосу үшін ұзақ уақыт қажет болды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз, – деп хабарлады әуе компаниясы.

Астана-Ақтөбе бағыты бойынша рейс Астана қаласынан сағат 13:23-де Ақтөбеге ұшты.