Алматыда ер адам «балалардың көзінше шалбарын шешкен» (ВИДЕО)

Полиция балаларға тиісті деген күдікпен көршілері ұстаған ер адамның видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Әлеуметтік желіде ер адамнан жауап алу сәтінің видеосы пайда болды. Көршілердің айтуынша, ол көшедегі балаларға жақындап, олардың көзінше шалбарын шешкен. Оны аудан тұрғындары ұстап, полицияға тапсырған.

Алматы полициясы Бостандық аудандық ПБ 1996 жылы туған А.-ға қатысты әкімшілік шара қолданғанын хабарлады.

Оның үстінен «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 404-бап бойынша хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жіберіледі, – деді ПД.