Жүк көлігіне соғылған: ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданы аумағында жеңіл көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Жүк көлігіне соғылған: ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: azattyg. ruhy

YK-news жазуынша, қайғылы оқиға Өскемен-Риддер тасжолының 34-шақырымында болған.

«Жеңіл көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Оқиғаға байланысты ШҚО полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.