Экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді - дереккөз

Астанада бірнеше сағат бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Бұл туралы Telegram-арналардың бірінде жарияланды. 

Экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді - дереккөз
Фото: stan.kz

Telegram-арна мәліметінше, бұрынғы шенеунік әйелінің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Ал салдарынан әйел қаза тапқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша сыбайлас жемқорлыққа байланысты жазасын өтеген бұрынғы шенеунік мас күйде әйелін мейрамханада ұрып-соққан, - делінген арна мәліметінде