Назарбаев даңғылындағы жанжал: жүргізушілердің бірі екіншісін ұрып құлатты (ВИДЕО)

Алматының орталығында жүргізушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласып, салдарынан 1 адамардап шекті, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Назарбаев даңғылындағы жанжал: жүргізушілердің бірі екіншісін ұрып құлатты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Оқиға орнынан түсірілген кадр Instagram желісіндегі kris__p__almaty public парақшасына жарияланды. Видеоны көлікте келе жатқан куәгерлер түсіріп алған.

Жарияланған кадрдан 2 ер адамның төбелесіп, бірінің жерге құлағанын көруге болады. Видео авторының айтуынша, оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1988 жылы туған азаматтың жарақатын тексеру мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар.