Атырау облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Орал – Атырау тасжолында ауыр жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Атырау облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
фото: egemen.kz

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғыды оқиға 1 қарашада сағат 9:30 шамасында Чапаево ауылынан 15 шақырым жерде болған.

«Тасжолда Volvo жүк көлігі мен ВАЗ-2114 соқтығысқан. Оқиға салдарынан жеңіл көліктің 2001 жылы туған жүргізушісі қаза тапты. Оның денесі құтқарушылар келгенше көліктен шығарылды. Жүк көлігінің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.