Қызылордада жасөспірімді пышақтаған колледж студенті ұсталды

Қызылорда қаласында кәмелетке толмаған баланы пышақтаған колледж студенті ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz 

Қызылордада жасөспірімді пышақтаған колледж студенті ұсталды
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 қазанда сағат 13:30 шамасында Титов қыстағы «Өркениет» оқу орталығының маңайында колледж студенттерінің арасында жанжал болып, салдарынан кәмелетке толмаған жәбірленуші пышақ жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 17 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге қатысты 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Құрметті ата-аналар! Өз балаларыңыздың өмірі мен тағдыры үшін жауапты екендеріңізді ұмытпаңыздар! Сол себепті оларды өз беттерінше қалдырмай, оқудан тыс бос уақыттарын қадағалауды сұраймыз! Бірлесіп атқарған жұмыстар жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне септігін тигізетініне сенеміз, – деді полиция қызметкерлері.