Ақтөбе облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза болды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ақтөбе облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза болды
фото: p

Полиция мәліметінше, қайғылы жол-көлік оқиғасы 18 қазанда сағат шамамен 19:10-да Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылының маңында болған.

«30 жастағы мотоцикл жүргізушісі далалық жолдан басты жол Самара – Шымкент автожолына шыққан кезде Өзбекстан азаматының басқаруындағы DAF жүк автокөлігімен соқтығысқан. Жүк көлігінің 33 жастағы жүргізушісі автожолда Әйтеке би ауданы жағынан Қызылорда облысына қарай жүріп келе жатқан.

Жол апаты салдарынан Құмтоғай ауылының мотоцикл тізгіндеген тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында ажал құшты. Тексеру барысында оның жүргізуші куәлігінің болмағаны анықталды», - делінген ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс аясында тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.