Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты

Павлодардағы Мұхтар Әуезов орта мектебінің асханасындағы тамақтан құрт шықты. Асхана тексеріліп жатыр, деп хабарлады Paryz.kz ақпарат порталы Қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты
Фото: vseobovsem_pvl

Құрттаған тамақтың суреті әлеуметтік желіде жарияланды.

Бүгін мектеп асханасындағы ботқадан жеміс құрты табылған. Әкімшілік дереу азық-түлікті толық тексерді. дәл құрт табылған күні асханада алма сатылған, - дейді ведомство.

Білім бөлімінің айтуынша, дәл құрт табылған күні асханада алма сатылған.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына хат жолданды. Бүгін осы факт бойынша тексеріс жүргізеді. Мектеп директорына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды, - дейді қалалық білім басқармасы.