Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды

Ақтауда 16 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды
Фото: 93.ru

Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға 10 қазанда 17-шағынаудандағы «Green park» тұрғын үй кешенінде болған.

Оқиға орнынан жедел жәрдем мен полиция өкілдері келді.

«Сағат 19.00 шамасында 17-шағынауданда мәйіт табылды деген шақыру келіп түсті. Оқиға орнында зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ 16 жасар қыздың мәйіті табылды», - делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек ҚР Қылиыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қалалық СДТБТ-да тіркелді.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді»-деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.