Ақтау көшелеріне жылан қаптап кетті

Желіде Ақтау көшесінде қаптап жүрген жыландардың видеосы тарады. Бұл туралы Stankz Telegram-арнасы хабарлады.

Ақтау көшелеріне жылан қаптап кетті
Фото: видеодан скриншот

Видео авторының айтуынша, көше кезіп жүрген жыландардың жалпы саны 17 болған.

Ал желі қолданушыларының кейбірі бауырымен жорғалаушылардың күз мезгілінде Каспий теңізінен сыртқа шығып қыздырынатынын айтса, енді бірі мұны жақсы ырымға баламай, алдағы уақытта су тасқыны болады деп болжап отыр.