Щучьедегі студенттің өлімі: президент ІІМ басшысына арнайы тапсырма берді

Президент ІІМ басшысына Щучьедегі студенттің өліміне қатысты тапсырма берді, деп хабарлады Paryz.kz.

Щучьедегі студенттің өлімі: президент ІІМ басшысына арнайы тапсырма берді
фото: unsplash.com

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды. Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.

Еске сала кетсек, 6 қазанға қараған түні Щучьедегі теміржол бойынан Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті өлі табылған болатын.

Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша соталды тергеу басталды. Қазір іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.