ШҚО-да екі адам зейнеткерді скотчпен байлап, тонап кеткен

Шемонаихада зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кеткен күдіктілер анықталды, деп хабарлады Paryz.kz. 

ШҚО-да екі адам зейнеткерді скотчпен байлап, тонап кеткен
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Шемонаиха аудандық ПБ-ға қаланың 73 жастағы тұрғыны үйіне екі белгісіз адам кіріп, өзін аяғын скотчпен байлап, ұрып-соңып, 70 мың теңге ақшасын алып кеткені туралы хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді ізін суытпай анықтап, ұстады. Олар 63 және 42 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Екеуі де бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қаскүнемдер кінәсін мойындап, қылмыстың алдын ала сөз байласу арқылы жасалғанын айтты.

Сондай-ақ жәбірленуші егде жаста болғандықтан, оларға қарсы тұра алмайтынына сенімді болған. Осылайша, бағалы тұрмыстық техниканы үйден шығару үшін қылмыс орнына қайта оралуды жоспарлаған.

Қазір күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.