Павлодарда қарақшы балаға зорлық көрсетіп, үйді тонап кетті

Павлодарда ер адам жер үйге баса көктеп кіріп, анасының көзінше кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық көрсеткен. Кейін үйден 250 мың теңге алып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда қарақшы балаға зорлық көрсетіп, үйді тонап кетті
фото: inform.kz

«Полицияға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл туралы хабарлады. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, кәмелетке толмаған 15 жастағы қызына зорлық-зомбылық көрсете отырып, тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Солай 250 000 теңге қаражатын иемденген.

Арнайы іс-шаралар басталып, оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны»ізін суытпай«ұсталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.