«Жыныма тиді»: Павлодарда әйел өз құрбысының жігітін пышақтап тастаған

2021 жылы мамыр айында әйел адамға құрбысы мен оның жігіті қонаққа келген еді. Әңгіме барысында олар ішімдік ішкен, деп хабарлады Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Жыныма тиді»: Павлодарда әйел өз құрбысының жігітін пышақтап тастаған
Фото: ашық дереккөз

«Оның танысы оңға-солға жүрген жалқау адам. Ол құрбымның ақшасына өмір сүрген. Бүкіл киімдерді оған алып беретін. Бұл жағдай мені ашуландырған, өйткені менің досым осыған лайық емес еді», – деп түсіндірді Олеся ( аты өзгертілген).

Құрбысының танысы мен Олеся сөзге келісіп қалып, араларында жанжал шығады. Төбелес нәтижесінде ол пышақ алып құрбысының жігітіне пышақ сұқты. 

«Мен жан күйзеліс жағдайында болдым. Әрине ішімдік те өзінің салдарын берді.Кінәмді мойындадым», – деп есіне түсіреді Олеся. 

37 жастағы әйелді ҚР ҚК 106-баптың 1-бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) төрт жылға бас бостандығынан айырды. Қазір ол Павлодар қаласының пробация қызметінің есебінде тұр.

«Сотталушымен тұрақты әңгімелесу жүргізіледі.  Сондай-ақ, инспектор тұрғылықты жері бойынша тексеруді жүзеге асырады. Есепке қойылғаннан бері онымен психолог жұмыс істейді», –  дейді Павлодар қаласының пробация қызметінің бастығы Дамир Айдаров.

Әйел ресми түрде жұмысқа орналасқан.  Жәбірленушіге моральдік шығынды төледі.