Ұлытау облысында 5 адам қайғылы жағдайда қаза тапты

Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлытау облысында 5 адам қайғылы жағдайда қаза тапты
Фото: aikyn.kz

27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты.

Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция көлік жүргізушілеріне жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді