Оралда 64 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп кетті

 Орал қаласында 64 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Paryz.kz

Оралда 64 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп кетті
фото: inform.kz

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 шілде күні 4-шағынауданда болған.

«Сағат 22.20-да 3-үйдің кіреберісінен 1959 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұм 6-қабаттан секіріп, өз өмірін қиған. Ол гипертония диагнозымен есепте тұрған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», – деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мопед пен мотоцикл мінген үш адамның жол апатынан қаза тапқанын жазған болатынбыз.