Астананың оң жағалауында ірі өрт болып жатыр

Әлеуметтік желіде Астананың оң жағалауында ірі өрттің болғаны жайлы әлеуметтік желіде видео тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Астананың оң жағалауында ірі өрт болып жатыр
Фото: видеодан скриншот

Әзірге Төтенше жағдайлар департаменті өрт жайлы толық ақпарат бермеді.

Өртті 74 өрт сөндіруші сөндіруде.

«Ер Қосай көшесінде екі қабатты коттедж, автоцистерналар мен жанғыш сұйықтығы бар бөшкелер (не екені нақтыланбаған)  жанып жатыр», - деп деп хабарлады ТЖД.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында бірнеше жарылыс болған. Жергілікті жерде 74 өрт сөндіруші мен 14 техника жұмыс істеп жатыр.