Атырауда екі қайық соғылған сәт видеоға түсіп қалды

Атырауда 2 серуендеу қайығы соқтығысып, салдарынан 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды Paryz.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Атырауда екі қайық соғылған сәт видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан скриншот

Оқиға 3 шілде күні сағат 21:00 шамасында Жайық өзенінде екі серуендеу қайығы соқтығысқан кезде болған. Соқтығыс салдарынан 5 адам зардап шекті, олардың барлығы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тағы 4 бала облыстық балалар ауруханасында. Олардың бірі 6 жасар бала жансақтау бөліміне түсті, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Қайық жүргізушісіне қажетті шара қолдану үшін полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.