Ақтауда әйел адам жұмбақ жағдайда тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

Ақтауда әйел тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен. Оның денесін көршілері тауып алған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтауда әйел адам жұмбақ жағдайда тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды
Фото: Lada.kz

Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға 2 шілдеде сағат 13:00 шамасында болған.

Белгілі болғандай, гүрс еткен қатты дыбысты естіген №16 үйдің тұрғындары далаға жүгіріп шыққанда жерде жатқан әйел денесін көрген.

«Тұрғындарының айтуынша, марқұм әйел тоғызыншы қабатта пәтер жалдап тұрған. Таңертең пәтерден біреулердің айғайлап ұрсысып жатқаны естілген. Пәтер тұрғындары ішімдік ішкен болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті оқиға орнынан 48 жастағы әйелдің мәйіті табылғанын хабарлады.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды», - делінген ПД хабарламасында.