Алматыда жүргізуші көптің көзінше егде жұмысшыны қылғындырмақ болды

Алматыда жүргізуші куәгерлердің көзінше егде жұмысшыға шабуыл жасап, оны қылғындырмақ болды, деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда жүргізуші көптің көзінше егде жұмысшыны қылғындырмақ болды
Фото: © instagram/dorogi_almaty_official

Видео авторының айтуынша, оқиға Гагарин мен Есқараев көшелерінің қиылысында болған.

"Админ жариялашы. Бассыздық. Адамдар үлкенді және өзгенің жұмысын құрметтеуді қойған", - делінген видео астында.

Кадрларға қарағанда, Mitsubishi Delica жүргізушісі жолшылардың өткелді темір қоршаумен жауып тастағанына наразы. Көліктен түскен ер адам жұмысшылардың бірін қылғындырмақ болып, жерге құлатқан. Содан кейін ол егде адамды босатып, айғайлап, көлігіне отырып, қоршауды бұзып өтіп кетіп қалады.

Желі қолданушылары полицияны жүргізушіні тауып, жазалауға шақырды:

"Мықты, сенімді ер адам ешқашан жасы үлкенге шабуылдамайды!!! Оның үстіне, ол тек өз жұмысын істеп жатыр".

"Әкесіндей адамды құлатып, қылғындырып жатыр, әкесін де үйінде жамбасына салып лақтыратын шығар".

"Оны қылғындырмақ болды ма???!!! Полицейлер қайда екен??? Әлде бізде адамға шабуыл жасауға бола ма?"

"Құрмет қайда? Біз ол заң алдында жауап береді деп сенеміз".