Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, көз жұмды

Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 30 маусымда Нәжімеденов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова аталған ақпаратты растап, іс бойынша сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Астана қаласының полиция департаменті ересектерге балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертеді.