Батыс Қазақстан облысында мектеп мұғалімі суицид жасады

Батыс Қазақстан облысында мектеп мұғалімі өзіне қол жұмсады. Ақпаратты Halyq Uni тілшісіне Ақжайық ауданы білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин растады.

Батыс Қазақстан облысында мектеп мұғалімі суицид жасады
Фото: ашық дереккөз

Оның сөзінше, мұғалім өз үйінде суицид жасаған.

Жергілікті «Мой город» сайтының хабарлауынша, қайғылы оқиға 17 қаңтарда болған. 22 жастағы Назым Өмірзақованың мәйітін туыстары тапқан.

Марқұмның туыстары Назымның ауыл мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істегенін, алайда мектеп басшылығымен тіл табыса алмағанын айтқан. 

Марқұм хат жазып қалдырмаған.

Батыс Қазақстан облысы полициясы қылмыстық кодекстің 105-бабы («өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша істі тіркеді.