18.01.2023, 09:34

«АрселорМитталТеміртау» кәсіпорнында тағы апаттық жағдай болды

Фото: ашық дереккөз

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бүгін таңғы сағат 6:10 шамасында Теміртау қаласында тағы бір апаттық жағдай болды. Қаладағы кокс газының газқұбыры «АрселорМитталТеміртау» кәсіпорнында құлады.

Соның кесірінен кәсіпорынның 20 метр учаскесі бұзылды. Зардап шеккен адам жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.