Алматы орталығындағы ірі өрт: Көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты

12 қаңтарда Алматыдағы Абай даңғылының бойынша көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Алматы орталығындағы ірі өрт: Көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты
фото: Stan.kz

Алмалы ауданындағы өрт туралы ақпарат 14:31 шамасында келіп түскен. Оқиға орнына 5 минуттан кейін жеткен ТЖД қызметкерлері 4 қабатты үйдің 2-қабатында өрт шыққанын анықтаған. 

“Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары адамдардың бар-жоғына барлау жұмыстарын жүргізуде. Солтүстік бағытын қоршауға жол полициясы жұмылдырылды. Солтүстік-батыс жағында өрт сатысы орналастырылған, өртті барлау және сөндіру барысында әйел құтқару қалпақшасының көмегімен құтқарылды”, – делінген хабарламада.