17.11.2022, 11:59

Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

фото: polisia.kz

Оралда қонақ үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 16 қарашада сағат таңғы 08:10 шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақ үйлердің бірінде ер адамның өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. Аталған бөлмеде жәбірленушіден бөлек, 28 жастағы әйел де болған. Ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады.

Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау айғақтарын берді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір материалды толық жинауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша сот сараптамалары кешенінің нәтижелеріне сәйкес, заңды процестік шешім қабылданатын болады.

 ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, кісі өлтіру, яғни басқа адамға заңсыз қасақана өлім келтіру 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.