Астанада жүргізуші автобус салонында кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Астанада кәмелетке толмаған қызды зорлаған автобус жүргізушісі 17 жылға сотталды, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада жүргізуші автобус салонында кәмелетке толмаған қызды зорлаған
Фото: ашық дереккөз

Үкімді 3 қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

"№1 автопарк жүргізушісі А. автобус салонында дәрменсіз жағдайын пайдаланып, кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-ні зорлаған.

А.-ның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-нің соталды іс жүргізудегі тұрақты жауаптарымен, жауаптарын сақтауымен, сотта берген жауаптарымен; жәбірленушінің өтірік айтуға және қиялдауға бейім еместігін көрсететін сарапшы психиатр-психологтардың қорытындысымен; К.-нің заңды өкілінің жауаптарымен; сараптама қорытындысы, ұялы телефон арқылы куәгермен хат алмасу, куәлардың айғақтарымен дәлелденді", - делінген хабарламада.

Сот айыпталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды көрмеді.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағының санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Ер адам осы бап бойынша ең ауыр жазаға - 17 жылға бас бостандығынан айыру, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және өзге де қызметпен айналыспау, қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғары қауіпсіздіктегі мекемелерінде жазасын өтеу жазасы тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.