Шымкентте 11 жастағы қыз белгісіз жағдайда көз жұмды

Шымкентте үйіндегі жуынатын бөлмеден жеткіншектің мәйіті табылды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкентте 11 жастағы қыз белгісіз жағдайда көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Жедел медициналық көмек қызметінен Шымкент қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 10 қазанда сағат 06:30-да жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға Еңбекші ауданының Маятас елдімекенінде Жалын көшесіндегі жеке тұрғын үйде болыпты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жуынатын бөлмеде туыстары 2011 жылы туған жасөспірімнің мәйітін тапқан.

"Өлімнің себебі анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды",-деді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі тобы.

ТЖД қыздың газға уланып қайтыс болуы мүмкін деген ақпаратты растамады.