Алматы әуежайында жүкті лақтырған қызметкерлер жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде Алматы халықаралық әуежайында жүкті мұқият тиеуге немқұрайды қараған жұмысшылардың видеосы тарады, – деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы әуежайында жүкті лақтырған қызметкерлер жауапқа тартылды
Фото: yandex.kz

Видеода қызметкерлер жүкті лақтырып көлікке тиеп жатқаны анық көрінеді. Осы видеодан соң әуежайдың баспасөз қызметі жүкті тиеу талабы бұзылғанын растады.

«Жүкті тиеген ұқыпсыз қызметкерлер тәртіптік ескертулер алды. Мұндай қатеге жол бермеу үшін әуежайдағы барлық жүк тиеу қызметкеріне нұсқау және жүкті дұрыс сұрыптау бойынша жадынамалар берілді. Жүкті тиеу процедурасының дұрыстығын бақылау үшін қосымша тексерулер жүргізіліп жатыр» делінген ресми хабарламада.