"Орманда көміп тастаған": Қостанайда 1 ай бұрын жоғалған адамның денесі табылды

26 жастағы Сабуги Абыев Қостанай облысының Құсмұрын кентінде үйінен шығып, сосын байланысқа шықпаған...

"Орманда көміп тастаған": Қостанайда 1 ай бұрын жоғалған адамның денесі табылды
фото: tengrinews.kz

Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам бір ай өткен соң орманнан көмілген күйі табылды, деп хабарлады paryz.kz.

Ер адамды 16 қазаннан бастап еріктілер мен полиция қызметкерлері іздеген. 26 жастағы Сабуги Абыев Қостанай облысының Құсмұрын кентінде үйінен шығып, сосын байланысқа шықпаған. Полицияға оның жоғалғаны туралы досының анасы хабарлаған. Бір айдан кейін кісі өлтірді деген күдікпен 23 және 29 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.

"Полиция 15 қазанда күдіктілердің жәбірленушімен бірге алкоголь ішкенін анықтады. Ер адамдар арасында жанжал болған. Күдіктілердің бірі "ВАЗ-2107" автокөлігімен жәбірленушіні қасақана қағып кетіп, содан кейін олар мәйітті орманға шығарып, шұңқырға көмген", - деді Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары тергеуді жалғастыруда, сараптамалар тағайындалды.