Аршалы ауданында әкімдік көлігі қаққан оқушы қаза тапты

"Қараңғыда жолда келе жатып, қарама-қарсы автокөліктің жарығынан көзі көрмей, автожолмен жүріп келе жатқан адамдарды байқамаған", - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.

Аршалы ауданында әкімдік көлігі қаққан оқушы қаза тапты
фото: zr.ru

Ақмола облысының Аршалы ауданында жол апатынан 14 жастағы жасөспірім қаза тапты. Оны облыстық әкімдіктің көлігін тізгіндеген жүргізуші қаққан, деп хабарлады paryz.kz.

Аталған ақпаратты Аршалы ауданының әкімдігіндегілер растады. Әкімдіктің мәліметінше, апат 22 қараша күні сағат 19.00-де болған. Daewoo Nexia-ның 27 жастағы жүргізушісі Аршалы кентінен шыққан кезде жолда келе жатқан жасөспірімді қағып кеткен. Куәгерлердің айтуы бойынша, ол өзі тиеуші болып жұмыс істеген темір прокаттан қайтып келе жатқан.

"Аршалы ауылынан бес шақырым қашықтықта орналасқан Ижевское ауылында тұратын жүргізушінің түсініктемесіне сәйкес, ол кешкі сағат 07.30-да (такси қызметі қазіргі уақытта жұмыс істемейді) аудандық құрылыс бөлімі басшысының апта сайынғы селекторлық кеңеске қатысуын қамтамасыз ету үшін гараждан қызметтік автокөлікті алып кеткен. Қараңғыда жолда келе жатып, қарама-қарсы автокөліктің жарығынан көзі көрмей, автожолмен жүріп келе жатқан адамдарды байқамаған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сараптама тағайындалды. Жаңадан ашылған фактілер қосымша хабарланады", - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.